260
Әлемнің ең қауіпті әуежайлары
Әлемнің ең қауіпті әуежайлары
Британияның Globehunters туристік компаниясының сарапшылары әлемдегі ең қауіпті 13 әуежайды анықтады. Рейтинг компанияның сайтында жарияланған.
Тізімде бірінші болып Барра әуежайы тұр. Бұл ұшу-қону жолағы құмнан жасалған жалғыз әуежай.
Екінші орынды Юлиана ханшаның Сен-мартен аралындағы әуежайы еншілеген. Бұл әуежайдың қасында тау көп болғандықтан қауіп те жоғары.
Үшінші орынға Гренландияның оңтүстігіндегі Нарсарсуак әуежайы тұрақтаған.
Сондай-ақ қауіпті әуежайлар тізіміне Португалия, Гибралтар, Нидерланды, Франция, Бутан, Непал, Жаңа Зеландия, Антарктида әуежайлары енген.
Дереккөз: Корреспондент.net