487
Еліміздің 7 облысында су тасқыны болу қаупі бар
Еліміздің 7 облысында су тасқыны болу қаупі бар
Қазақстанның жеті облысында ауа температурасының жылынуына байланысты су тасқыны қаупі туралы ескерту жасалды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ Комитеті.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 2017 жылғы 8-13 сәуірде ауа температурасының көтерілуі болжануда. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында дауылды ескерту жарияланды", - делінген хабарламада.
Алдағы күндері Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде көктемгі процестердің одан әрі дамуы, өзендердің ашылуы, сең жүруі, су деңгейлерінің көтерілуі, жергілікті ағын сулардың қалыптасуы, ықтимал су басулары күтілуде. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өзендерінде су деңгейң көтерілуі мүмкін.