Қанат Ислам дайындық үшін АҚШ-қа аттанды

Қанат Ислам дайындық үшін АҚШ-қа аттанды

Қанат Ислам дайындық үшін АҚШ-қа аттанды
ашық дереккөзі
374
Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам келесі кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы PR менеджері Берік Сұлтан өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. «Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Бұйыртса жақын арада жекпе-жек уақыты мен қарсыласын жариялаймыз! Алға, Қазақтың Қанаты!!!», - деп жазды ол. Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 18 ақпан күні АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында өткізіп, бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Келесі кездесуін ол мамыр айына жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласы белгісіз.  

Серіктес жаңалықтары