257
«Алматы жылу жүйесі» қала тұрғындарына 227 млн теңге қайтарып береді
«Алматы жылу жүйесі» қала тұрғындарына 227 млн теңге қайтарып береді
Алматыда жылыту маусымы аяқталысымен жылытуаралық кезеңде 32 шақырым жылу желісі жөнделмек. Бұл 2016 жылға (11,97 шақырым) қарағанда 3 есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аталған кәсіпорынның хабарлауынша, 2016-2017 жылғы аяқталған жылыту маусымында жалпы қала бойынша желілер 1924 рет зақымданған. Бұл 2015-2016 жылмен салыстырғанда 7 пайызға аз. 2015-2016 жылдары жылыту желілері 2070 рет зақымданған. «Жылытуаралық кезеңде 32 км жылу желілерін қайта құрылымдау жоспарланып отыр, бұл 2016 жылға (11,97 км) қарағанда 3 есе көп. 2016-2017 жылғы жылыту маусымы үшін қайта есептеу нәтижелері бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Алматы қаласының тұрғындарына 227,418 млн теңгені қайтарып береді», делінген хабарламада. Айта кетейік, аталған қаражат қала тұрғындарына ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қайтарылады.