Ресей миллиардері оппозиционер Алексей Навальныйды сотқа берді

Ресей миллиардері оппозиционер Алексей Навальныйды сотқа берді

Ресей миллиардері оппозиционер Алексей Навальныйды сотқа берді
ашық дереккөзі
213
Ресей миллиардері Әлішер Усманов оппозиционер Алексей Навальныйды және оның Коррупциямен күрес қорын (ККҚ) сотқа берді. Бұл жөнінде РИА Новости хабарлайды. Арыз 12 сәуір күні кешкісін Мәскеудің Люблинск сотына түскен. Усманов шағымының басқа тұстары әзірге белгісіз.
Осының алдында Әлішер Усманов Алексей Навальныйды жалған жала жауып, жұртшылық алдында беделімді түсіруге тырысқаны үшін сотқа беретінін мәлімдеген. Наурыз айының басында ККҚ Ресей үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің "құпия империясы" жөніндегі зерттеуін жариялаған. Онда Усмановтың Медведевтің "Соцгоспроект" қорына және Рублевское даңғыл жолындағы үйге және учаскеге 5 миллиард рубль жұмсағаны айтылған. ККҚ қолдарында Усмановтың пара бергені жөнінде дәлелді құжаттары бар екенін, оны сотта көрсетуге дайын екенін мәлімдейді. Бұған дейін Алексей Навальный Усмановтың шағымынан кейін, өзіне және Коррупциямен күрес қорына қысым болатынын жоққа шығармаған.

Серіктес жаңалықтары