Қырғызстанда екі жылда жалған төлқұжат жасауға қатысты 228 қылмыстық іс қозғалған

Қырғызстанда екі жылда жалған төлқұжат жасауға қатысты 228 қылмыстық іс қозғалған

Қырғызстанда екі жылда жалған төлқұжат жасауға қатысты 228 қылмыстық іс қозғалған
ашық дереккөзі
344
Қырғызстанда 2015-2016 жылдары жалған төлқұжат жасауға қатысты 228 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Жогорку Кенештің сыбайласқан жемқорлық және қылмыспен күрес комитетінің отырысында айтылды.
Бұл істерді Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және Экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет қозғаған. Солардың 125-і сотқа жетсе, 50-ге жуығы әлі тергеліп жатыр. Парламент комитеті құқыққорғау органдарына жалған төлқұжат жасау фактілерін тергеп, тиісті шара қолдануды тапсырды. Жақында Қырғызстанның Қорғаныс кеңесі жалған төлқұжат жасаудың жолын кесу жоспарын дайындаған еді. Ол жоспар бойынша, Мемлекеттік тіркеу қызметіне төлқұжат дайындау ісіне жаңа технологиялар енгізіп, қажетті ақпаратты жинауды электрондық әдіспен жүргізу ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары