Елбасы қазақстандықтарды ескі әдеттер мен ережелерден бас тартуға шақырды

Елбасы қазақстандықтарды ескі әдеттер мен ережелерден бас тартуға шақырды

Елбасы қазақстандықтарды ескі әдеттер мен ережелерден бас тартуға шақырды
ашық дереккөзі
213

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада айтты.

Шара барысында аймақ басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағыт: Рухани жаңғыру» мақаласы туралы сөз қозғап, ондағы идеялардың мәңгілік ел мұратына жетудегі нақты, айқын қадамдары екенін айшықтады.

«Президент мақаланың кіріспе бөлімінде қазақстандықтарға осы жылдың басында мемлекеттің үшінші жаңғыруының басталғанын еске салды. Жаңғырудың мақсаты - Қазақстанның алғашқы 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіруі. Елбасының айтуынша, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін жеке адамдардың ғана емес, бүкіл елдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру қажет. Ол қазақстандықтарды ескі әдеттер мен ережелерден бас тартып, прагматик болуға шақырады. Себебі, бұл өзгеріс мемлекеттің модернизациясына үлкен үлес қосады»,-деді әкім.

Ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның алғашқы бастамасы екенін айтқан облыс әкімі басқосуға өңірімізге еңбегі сіңген, республикаға белгілі, әр салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагерлер келіп отырғанын атап өтті. Сонымен бірге, бүгінгі Елбасының ой толғанысын абыз ақсақалдардың арасында талқылап, оны келешек ұрпаққа ұғындыруда қазыналы қарияларға артылар жүктің басым екенін жеткізді.

«Халықты толғандырып жүрген мәселелерінің барлығы осы көлемді мақалада орын тапқан. Сіздердің өмірден алған үлкен тәжірибелеріңізді ескере отырып, Мемлекет басшысының осынау рухани жаңғыру туралы мақаласын басшылыққа алу арқылы қоғамға жетуін қолға алсаңыздар деген тілегім бар. Облысымыздың экономикасын, мәдениеті мен білімін әрмен қарай дамытуда осы мақала қажетті бағыт-бағдар беретін болады»,-деді Ж.Түймебаев.

Айта кетсек, бұл мақалада ұлттық менталитетімізге зиян келтірмей, өзіндік сана-сезім шекарасын кеңейту қажет екені айтылады. Бұл, ең алдымен, халқымызға тән білімге деген құштарлық.

Сондай-ақ, Елбасы тарихи оқиғалардан оңтайлы сабақ алудың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді»,-деп түйіндейді Мемлекет басшысы өз мақаласында.

Серіктес жаңалықтары