Инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Инвестиция тарту мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
310
Астана қаласында «Қазақстан қор нарығына халықаралық капиталды тарту» атты конференция өтті. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, америкалық «BNY Mellon» банкі, «FTI Consulting» және «Kinstellar» компаниялары ұйымдастырған шараға отандық, әлемдік деңгейдегі қаржы ұйымдары мен институттардың өкілдері қатысты.
Жиынды ашып, сөз сөйлеген Астана қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов «Астана» ХҚО үшін ағылшындық жалпы құқық оның барынша икемділігі үшін таңдап алынғанын айтты.
«Әлемдік тәжірибе ең үлкен, табысты жаһандық және өңірлік қаржы орталықтарының барлығының 85 пайызы ағылшындық жалпы құқықтың заңгерлік мазмұн моделінде жұмыс істейтіндігін көрсетті. Ағылшындық құқық немесе құрлықтық заңнама үздік деп дауласуға да болады. Дегенмен, біз қаржылық модельдер, қаржылық реттеу негізінен ағылшындық жал­пы құқыққа бағдарланғандығын көріп отырмыз. Мұ­ның ең қарапайым негіздемесі ағылшындық жалпы құқықтық үлгі боларлық және шындығында ол барын­ша икемді», деді ол. Қайрат Келімбетовтің сөзіне қарағанда, ағылшындық жалпы құқық нарық талаптарына тез арада бейімделе алады. Бұл мемлекетке нарық құлдырағанда немесе керісінше мемлекеттік рет­теу сәтсіздікке ұшырағанда қажет. Отырыста «Астана» ХҚО-ның ел экономика­сы­на қаржы тартуға негізделген стратегиялық ба­ғыт­тары, капитал нарығы, активтерді басқару, же­ке тұл­­ғалардың әл-ауқатын жақсарту, ислам қар­жы­лан­дыр­уы және озық қаржылық технология жөнінде ке­ңі­нен әңгіме болды. Сондай-ақ, «Financial Times» ба­сы­лымының дамушы нарықтар бойынша редакто­ры Джеймс Кинждің жекешелендіру стратегиясы та­қы­ры­бындағы баяндамасы тыңдалды. Басқосу барысында инвестиция мен қор нарығын дамыту саласындағы белгілі сарапшылар мен аналитиктер ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, шетелдік инвесторларға жаңа қор биржасының алаңқайы – «Astana International Exchang» биржасы туралы мәліметтер ұсынылды. Қор биржасы ағымдағы жылы күзде іске қосылмақ. Онда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның ең тартымды компанияларының акциялары орналастырылады.

Серіктес жаңалықтары