Ернар Айдардың жағдайы туралы айтып берді

Ернар Айдардың жағдайы туралы айтып берді

Ернар Айдардың жағдайы туралы айтып берді
ашық дереккөзі
232
Жол апатына ұшыраған әнші Ернар Айдардың қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, қазақстандық әнші қазіргі уақытта Алматыдағы клиникалардың бірінде жатыр. Әншінің директоры Жазира Еркіннің айтуынша, Ернар Айдар есін жиды. "Ернар есін жиды. Әзірше оны палатаға ауыстырған жоқ. Оған ешкімді кіргізбей жатыр. Дәрігерлер қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - деді ол. Еске салайық, белгілі әнші Ернар Айдар жол апатынан зардап шеккен болатын. Оқиға 12 сәуірде Алматы-Шымкент тасжолында болған. Жазира Еркіннің айтуынша, Ернар Айдар ағасымен бірге үйлеріне қайтып бара жатқан. Ауа райы нашар болғандықтан Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Ал кейінірек оған ота жасалғаны хабарланған болатын. "Қазір оның жағдайы тұрақты орташа. Ота жасалды", - деген еді дәрігерлер.

Серіктес жаңалықтары