224
Ресей Өзбекстанға әскери техника жеткізеді
Ресей Өзбекстанға әскери техника жеткізеді
Ресейдің Федерация Кеңесі әскери техниканы Өзбекстанға жеткізу туралы үкіметаралық келісімді мақұлдады. Бұл туралы "Парламентская газета" хабарлады.
Федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі Ольга Ковитидидің айтуынша, 2016 жылы қарашада Мәскеуде қол қойылған бұл құжат екі мемлекеттің игілігіне қызмет етеді.
Әскери техника жеткізуші мемлекет оның мақсатты қолданғанын қадағалайды, келесі тарап мұндай шарттың бұзылмауын қадағалауы тиіс.
Бұл ереженің орындалуын Ресейдің Әскери-техникалық әріптестік жөніндегі федералдық қызметі және Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі қадағалайды. Бірақ Ресейдің Өзбекстанға нақты қандай қару жеткізетіні туралы ештеме айтылмады.