"Астана ЭКСПО-2017" департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов рақымшылықпен босап шықты

"Астана ЭКСПО-2017" департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов рақымшылықпен босап шықты

"Астана ЭКСПО-2017" департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов рақымшылықпен босап шықты
ашық дереккөзі
343
"Астана ЭКСПО-2017" Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов рақымшылықпен босап шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер хабарлады.
Айта кетейік, Қажымұрат Үсенов 2016 жылдың маусымында екі жылға сотталған болатын. Комитет өкілдері Қажымұрат Үсеновке "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға (Жазадан босатылатын адамдар "елуге толған және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үшке толған және одан жоғары жастағы ер адамдар") сәйкес рақымшылық жасалғанын айтып өтті. (Қажымұрат Үсенов 62 жаста). Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша 12 сотталушының айыпты мойындау туралы істің аяқталғаны жайлы хабарланған болатын. Қажымұрат Үсенов ұлттық компаниядан 2014 жылдың қаңтарында баласы Мақсат Үсеновтің көлікпен алты адамды қағуы жайлы дауынан кейін қызметтен кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары