Оралда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай шара өтті

Оралда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай шара өтті

Оралда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай шара өтті
ашық дереккөзі
266
Бүгін қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің ескерткіші тұрған саябақта Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай арнайы шара өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оралдық өлкетанушылар мен тарихшылардың аталмыш шараны дәл осы жерде ұйымдастыруы тегін емес. Өйткені осыдан тура 100 жыл бұрын, 1917 жылы 19-22 сәуір күндері Орал облысы қазақ комитетінің ұйымдастыруымен облыстық қазақ съезі қазіргі Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжге қарама-қарсы орналасқан Жұбан саябағының орнында болған ғимаратта өткен екен. Осындай қастерлі орында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері (режиссері Әлия Сүндетқалиева) театрландырылған көрініс қойып, азаттық туын көтеріп, өз алдына ел болуды мақсат еткен Алаш қайраткерлерінің іс-қимылын бейнеледі. Әсіресе, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов сынды Алаш арыстарының жерді халық үшін сақтау, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл және ұлттық мәдениет үстемдігі болуы керектігі туралы сөздері әсерлі шықты. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» атты өлеңдері оқылды. «Алаш ұранын» (әнін жазған Ұшқын Жамалбек) «Батыс стар» тобы әуелете шырқап, жиналғандардың рухын көтерді. 

Серіктес жаңалықтары