ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды
ашық дереккөзі
276
Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Жұмағали Исмаилов үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.
Мұндай шешім 17 сәуірде шығарылған және 8 маусымға дейін деп белгіленген. Бұған дейін әл-Фараби аудандық соты Исмаиловты қамауға алу туралы шешім шығарған, дегенмен, ол күшіне енбеді. Сот мәліметі бойынша, Исмаиловқа ҚР ҚК-нің 253-бабының 6-тарауы "Коммерциялық пара беру" және 262-бабының 3-тарауы "Қылмыстық топ (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу" бойынша айып тағылды. Еске салайық, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханаларының 28 бас дәрігері Жұмағали Исмаиловтың орнынан кетуін талап еткен. Дәрігерлер Исмаилов дөрекі және тендер кезінде белгілі бір фирмалардың мүддесін жақтайды деп айыптаған болатын. Арнайы комиссия тексерісінің қорытындысы бойынша Исмайлов облыс әкімі Асқар Мырзахметовтен қатаң сөгіс естіген еді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы порталының мәліметі бойынша, Жұмағали Исмаилов бұл ұйымда 2016 жылдың наурыз айынан бері директор болып істеген.

Серіктес жаңалықтары