Елисей алаңындағы жарылысты "ИМ" мойнына алды

Елисей алаңындағы жарылысты "ИМ" мойнына алды

Елисей алаңындағы жарылысты "ИМ" мойнына алды
ашық дереккөзі
196
"Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Париж орталығындағы полицияға шабуылды жауапкершілігіне алды. Елисей алаңындағы атыстан бір полиция қызметкері қаза тауып, екеуі жараланды деп хабарлайды BFM TV арнасы. Шабуыл жасаушы сол жерде қаза тапқан.
"ИМ" өздерінің идеологиясын насихаттайтын Amaq агенттігі арқылы шабуылға жауапкершілікті алатындарын жариялаған. Онда шабуыл жасаушы Абу Юсуф әл-Бельджики ("бельгиялық") деген. Франция президенті Франсуа Олланд шабуылды "теракт" деп атады. АҚШ президенті Дональд Трамп Франция басшылығына көңіл айтты. BFM телеканалының дереккөзі шабуыл жасаушы Франция арнайы қызметіне белгілі болған дейді. Полиция күдікті жүргізген көлікті іздеген. Қарулы күштер де Париждың шығысындағы елді-мекенге тінту жүргізіп жатыр. Бұл жерде көліктің иесі тұратын көрінеді. Шабуыл 20 сәуірде болды. Шабуылдаушы көлігімен қиылысты кесіп өтіп, қаруымен полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атқан. Террористік шабуыл Францияда өтетін президенттік сайлаудың бірінші турына үш күн қалғанда болып отыр. Президент сайлауына қатысатын кейбір үміткерлер басқа аймақтарға жоспарлаған сапарларынан бас тартатынын, Парижде қалатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары