БҰҰ Солтүстік Кореяға жаңа санкция салатынын ескертті

БҰҰ Солтүстік Кореяға жаңа санкция салатынын ескертті

БҰҰ Солтүстік Кореяға жаңа санкция салатынын ескертті
ашық дереккөзі
245
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға 16 сәуірдегі зымыран сынағы үшін жаңа санкциялар салатынын ескертті. 20 сәуірде кеңес мүшелері бірауыздан КХДР-ды айыптады.
АҚШ дайындаған құжат жобасында Ресейдің жағдайды "диалог" арқылы бейбіт түрде реттеу қажеттігі жөніндегі ұсынысы есепке алынған. КХДР-ға қатысты мәлімдеменің алғашқы нұсқасына Пхеньянның одақтасы Қытай қолдаса да, Мәскеу қарсы болған. 20 сәуірде Солтүстік Корея АҚШ-ты "супер қуатты бомбамен атқылап, елдің күл-талқанын шығарамыз" деп қатер төндірген. Мұндай мәлімдеме КХДР-дың мемлекеттік баспасөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Пхеньянды келіссөзге шақыру үшін, қысым көрсету керек деген сөздерінен кейін жарияланды.

Серіктес жаңалықтары