Петропавлда cу тасқыны қаупі сақталуда

Петропавлда cу тасқыны қаупі сақталуда

Петропавлда cу тасқыны қаупі сақталуда
ашық дереккөзі
454
СҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты деп бағалануда, деп хабарлады СҚО ТЖД Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиев. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады. Сергеев су қоймасынан босатылған су Есіл өзені арқылы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылына келеді. Су рекордтық деңгейге көтерілген Есіл ауданы Покровка ауылында қазір су деңгейі аздап түскені байқалады. Таяудағы екі тәулікте су Петропавлға жетеді.  «Өзен жағасында су басқан үйлер жоқ. Николаевка, Жарқайың ауылдарында алдын ала көшірілген адамдар су басу қаупі болмаған соң, өз үйлеріне қайта оралды.  Петровка ауылында су деңгейі төмендеуде. Покровкада су астында бау-бақшалар қалды. Үйлерді су басқан жоқ», - деді Рүстем Жұмағалиев. Есілде су деңгейі рекордтық белгіге көтерілді. Осы түнде Қызылжар ауданының Семиполатное ауылында шеткі үйлерден адамдар мен олардың малдары эвакуацияланды. Су үйлерге жетпегенімен, қауіп сақталуда. Елді мекеннен су бүгін өтеді деп күтілуде. Сергеев су қоймасында су деңгейі төмендей бастады. Күндіз 10 см болды. Қазір 2, 35 метрге тең. Петропавл гидроторабында су деңгейі 14 сантиметрге көтерілді. Оны транзиттік режімде ағызуда. «Су тәулік бойы бақылауда. Арна бойынша 9 бекет қойылды», - деп хабарлады Рүстем Жұмағалиев.  

Серіктес жаңалықтары