Қуат Найман: Чемпиондық белбеуді халқым үшін жеңуге тырысам

Қуат Найман: Чемпиондық белбеуді халқым үшін жеңуге тырысам

Қуат Найман: Чемпиондық белбеуді халқым үшін жеңуге тырысам
ашық дереккөзі
222
Ресейдің Владивосток қаласындағы «Фетисов Аренада» халықаралық Fight Nights Global 63 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде ұйымның чемпиондық атағын жеңіл салмақта Магомедсайгид Алибеков қорғайды. Ал оның қарсыласы – қазақстандық Қуат Хамитов. «Найман» деген лақап атпен танылған отандасымыз жекпе-жек жайлы vl.ru басылымына сұхбат берді. «Үш ай бойы Тайландта жиында болдым. Phuket Top Team командасымен бірге жаттықтым. Негізі қыс сайын Пхукетте боламын. Бірақ бұл жолы бұрынғысынан да жақсырақ дайындалдым. Тәжірибелі спортшылар, Еуропаның, Азияның түрлі ұйымдарының чемпиондары көмектесті. Қазір бәріне дайынмын», – деді Қуат Хамитов.  Fight Nights-ке берген сұхбатында «Найман» Сайгид Алибековті жеңген спортшылармен дайындалып жатқанын айтқан болатын . «MMA-ден әуесқой жарыстарда Алибековті жеңген спортшылар көмектесті. Сонымен қатар, желтоқсан айында оның чемпиондық жекпе-жегін залда отырып көрген бапкерлер болды. Олар да ақыл-кеңестерін айтты. Әрине, осал тұстарын ғана емес, Алибековтің мықты палуан екенін, партерде жақсы жұмыс істейтінін, физикалық тұрғыдан күшті екенін де жасырып қалмады. Қандай жағдай болмасын ертең жекпе-жек кезінде кімнің күшті екені белгілі болады. Жалпы алғанда Fight Nights турнирінде осал спортшы жоқ. Магомедсайгид – промоушеннің чемпионы. Демек, оны елемей өтуге болмайды. Өз басым ұйымда әрбір титулды айқастың тартысты өтеріне сенімдімін», – деді Хамитов. «Ахмед Аливетің жарақатына байланысты Қуат Fight Nights турнирінің титулды жекпе-жегіне оңай жетті, оның жолы болғыш», деп Магомедсайгид Алибеков пен бапкері айтқан болатын. Осыған қатысты қазақстандық спортшы пікір білдірді. «Жолым болып кетті деп айтпас едім. Fight Nights-пен келісімшарт жасасқанда бір-екі айқастан кейін титулды кездесуге мүмкіндік беретінін білдім. Мен солай қаладым... Гаджи Рабадановты жеңгеннен кейін менен келесі қарсыласым туралы сұрады. Қытайдың WBK ұйымының чемпионы болғаннан кейін октагонда Fight Nights Global-дың чемпионымен күш сынассам деген ой келді. Кімнің күші басым екенін енді білеміз. Бұл титулды Қазақстанда күтіп отыр. Осыны жеңсем, өз елімде Fight Nights белбеуін жеңген алғашқы адам боламын. Жұрт менен жеңіс күтіп отыр. Өзім үшін емес бұл белбеуді халқым үшін жеңіп алғым келеді», – деді қазақстандық спортшы. Fight Nights президенті Камил Гаджиевтің айтуынша Алматыда дәл осы турнир өтеді. «Алғашында жекпе-жегім Алматыда өтеді деп ойлаған едім. Бірақ Владивостокта жеңіске жетер болсам, өз елімде оны қорғай аламын», – деді «Найман». Қуат Хамитов қай кезде спорттан кетуі мүмкін? Айтуынша, аралас жекпе-жек болғаннан кейін спортшы қай кездесуі соңғы боларын білмейді. «Білесіз бе, алғашқы чемпиондық белбеуімді жеңіп алғаннан кейін осымен тоқтаймын деп ойлаған едім. Бірақ бір-екі аптадан кейін жеңіске деген құштарлығым қайта оянды. Екінші белбеуімді алғаннан кейін де дәл осындай күйге тап болдым. Бұл күй үшінші белбеуімді жеңгеннен кейін де болды. Кейде отырып, жетістіктеріме риза боламын да алдыма жаңа мақсат қоямын. Қай жекпе-жегім соңғысы боларын білмеймін. Біз ең қауіпті спортта жүрміз. Сондықтан мүмкіндіктің бәрін пайдаланып қалуымыз керек. Бұл жолы да мүлт кетпеймін деп үміттенемін», – деді Қуат Хамитов. Қазақстандық спортшы UFC ұйымымен елісімшартқа не себепті қол қоймағанын мәлімдеді. «Ол кезде менеджерім UFC-дің ауыр салмақтағы уақытша чемпионы Шейн Карвин болатын. Мен Қытайдың рейтингінде көш бастап тұрған едім. Ұсыныс сол арқылы түсті. Шарт бойынша Аспанасты елінде тағы бір айқаста жеңгеннен кейін ғана UFC-мен келісімшартқа қол қоюым керек еді. Бірақ кезекті жекпе-жегіме дайындалып жатқанда компания сатылып кетті. Жаңа басшылар келгеннен кейін бұл жоспар жүзеге аса қоймады. Бірақ қазір Fight Nights-та жүргеніме қуанамын. Мұнда мен өзімді үлкен отбасының бір мүшесі секілді сезінемін», – деді Магомедсайгид Алибеков – әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері атағына кандидат, ММА бойынша спорт шебері, әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша РФ Қарулы күштерінің екі дүркін чемпионы, әскери қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы, ММА-дан Алысшығыс федералды округі чемпионатының жеңімпазы, грепплингтен Ресейдің күміс жүлдегері. Магомедсайгид Қуаттан екі жас кіші, ол – 27 жаста. Алибеков бүгінге дейін 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Хамитов 25 жекпе-жектің 20 кездесуінде жеңіске жетсе, төртеуінде есе жіберіп, біреуінде тең түсті.

Серіктес жаңалықтары