Өзбекстан Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне салықты төмендетті

Өзбекстан Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне салықты төмендетті

Өзбекстан Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне салықты төмендетті
ашық дереккөзі
252
 Өзбекстан 1 сәуірден бастап Қазақстаннан жеткізілетін ауыл шаруашылығы тауарына салынатын акциз салығын төмендетті. Бұл жөнінде Қазақстанның ауыл шаруалығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Өзбекстанға тасымалданатын мынадай тауарларға акциздер төмендетілген: бидай ұнына 55 пайыз (11-ден 5%); күнбағыс және мақсыр майына 2 есе (20-дан 10%); консервіленген көкөніске 5 есе (50-ден 10%); жеміс-жидек пен көкөніс сусындарына 2,3 есе (70-тен 30%); тұздық әзірлеуге арналған азық-түлікке және дайын тұздықтарға 2,8 есе (70-тен 25%) төмендетілген», – делінген хабарламада. Мұнан басқа макароннан жасалған өнімдерге салық алынып тасталған. Министрліктің мәліметінше, 2016 жылы Қазақстан тауарының Өзбекстанға экспорты 426,9 млн долларды құраған. Өткен жылы Қазақстан Өзбекстанға 1725,2 мың тонна астық, 4,7 млн тонна ұн, 96 мың тонна күнбағыс тұқымы, 10,2 мың тонна өсімдік майы және 51 мың тонна картоп экспорттаған.  

Серіктес жаңалықтары