Тиллерсон: "Ресей Қырымды қайтармайынша, санкция сақталады"

Тиллерсон: "Ресей Қырымды қайтармайынша, санкция сақталады"

Тиллерсон: "Ресей Қырымды қайтармайынша, санкция сақталады"
ашық дереккөзі
351
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон жексенбі күні Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесіп, Мәскеуге барған сапарын талқылаған. Оның сөздерінше, Құрама Штаттар Ресеймен қарым-қатынасты жақсартқысы келеді, бірақ Ресейдің Украина шығысындағы әрекеті оған кедергі келтіріп отыр. Тиллерсон Украинанада әрі қарай экономикалық реформа жүріп, коррупциямен күресті күшейтудің маңызды екенін атап өткен делінген мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. АҚШ мемлекеттік хатшысы президент Порошенкоға Донбаста ЕҚЫҰ миссия өкілінің қаза табуына байланысты көңіл айтқан. Тиллерсон мен Порошенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) миссиясы Минск келісімінің орындалуын бақылауда маңызды рөл атқаратынын айтқан. Мемлекеттік департамент таратқан хабарламада Тиллерсон Құрама Штаттар Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігінің қол сұғылуына қарсы екенін, Мәскеуге қарсы санкциялар Ресей Қырым түбегін Украинаға қайтарып бермейінше, сақталатынын жеткізген.  

Серіктес жаңалықтары