Гитлердің туған күнін тойламақ болған қарулы топ қолға түсті

Гитлердің туған күнін тойламақ болған қарулы топ қолға түсті

Гитлердің туған күнін тойламақ болған қарулы топ қолға түсті
ашық дереккөзі
224

Кеше Мәскеу қаласындағы түнгі клубтардың бірінен Адольф Гитлердің туған күнін тойламақ болған қарулы топ ұсталды деп хабарлады «ВВС» агенттігіне сілтеме жасаған Қазақпарат. Мәскеу полициясының қолына түскен 40-қа жуық адамнан пышақ, кастет және травматикалық қару тәркіленген. Ұсталғандардың арасында ұлтшылдығымен аты шыққан Дмитрий Демушкин де бар. Сондай-ақ, клубқа келушілерден 20 сәуірде дүниеге келген неміс диктаторы Адольф Гитлердің суреті алынған. Демушкин тағы бірнеше адаммен бірге Дубровкадағы театр орталығында ұсталғанын, бірақ Гитлердің туған күніне еш қатысы жоқ екенін айтып ақталыпты. «Біз 40 адамбыз, барлығымызды ұстады. Еш айып таққан жоқ, бірнеше сағаттан соң босатты. Гитлерге ешқандай қатысымыз жоқ. Біз 17 мамырда өтетін «пышақтасу» турнирін талқылауға жиналғанбыз», – деді Демушкин «Интерфакс» агенттігіне жасаған мәлімдемесінде. Ол суық қаруларды пайдануға рұқсат алынғанын, өз әрекеттерінда заңға қайшылық жоқ екенін алға тартқан.

Серіктес жаңалықтары