Димашты салтанатпен қарсы алды

Димашты салтанатпен қарсы алды

Димашты салтанатпен қарсы алды
ашық дереккөзі
257
Димаш елге оралды. Қытайдағы «I'm a singer» байқауында 2-орын иеленген ол Астанаға келді. Отандасымызды жанкүйерлері мен жақындары әуежайдан күтіп алды. Елордада ерекше талант иесінің құрметіне арнайы ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті.  Ердәулет Байдуллаев, тілші: - Әлем таныған Димаш. Бүгінгі кеш осындай айдармен өткізіліп отыр. Концерттің ашылуы алдында «Қазақстан» орталық концерт залының кіреберісіне қызыл кілем төселіп, жұлдызға лайық құрмет көрсетілді. Ал Димаштың жанкүйерлері оны ән айтып әрі флешмоб жасап, қарсы алады. Кешке Димашқа өнерді түсіндірген, оны шабыттандырған, сахнаға шығарған ұстаздары мен ата-анасы, туысқандары да жиналды. «Қазақстан» концерт залындағы негізгі шара басталмас бұрын астаналық жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді кіреберістен күтіп алып, «Қазақ­стан алға! Димаш алға!» ұранымен қарсы алды. Астаналық жастар Димаштың құрметіне арнайы флешмоб ұйымдастырып, жүзге жуық адам «Димаш» деп жазылған жүректі құрастырды.  Мерекелік кешке Мәдениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлы қатысып, Димашты жеңісімен құттықтады. – Димаштың жеңісі – бүкіл қазақ елінің жеңісі. Димаштай жас талантты дүниеге әкелген Айтбаевтар отбасына мың да бір рахмет, – деп құттықтау лебізін арнаған министр, Димаштай ұлды тәрбиелеп-өсірген ата-әжесін сахнаға арнайы шақырып, құрмет көрсетіп, шапан жапты. Әнсіз кештің көркі кірген бе, Димаш залға жиналған 3 мыңнан астам көрермен алдында «Ұмытылмас күн» музыкалық композициясын, «Дайдидау» халық әнін шырқады.

Серіктес жаңалықтары