Солтүстік Қазақстан облысында 171 үйді су алған

Солтүстік Қазақстан облысында 171 үйді су алған

Солтүстік Қазақстан облысында 171 үйді су алған
ашық дереккөзі
235
Өткен тәулікте Ақмола облысының барлық су басқан тұрғын үйлерінен тасқын су бұрылып әкетілді және сорғызылды. Сондай-ақ, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы 10 тұрғын үй судан арылтылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. 26 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды облысы Нұра ауданы Тассуат ауылындағы 5 үй, Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл кентіндегі 7 үй, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауылындағы 9 үй су басқан күйінде қалып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніндегі су деңгейінің артуынан 171 үйді су басты.  Жергілікті жерлерде Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық ұлан, Жергілікті полиция қызметкерлері мен жұмылдырылған ұйымдар жұмыс істейді. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1103 адам, 340 бірлік техника, 20 су сору құрылғысы және 23 жүзу құралы жұмылдырылда. Ақмола облысында ТЖК құтқару бөлімшелері суды сору, қорғаныш үймелерін мониторингтеу, психологиялық көмек көрсету, «қауырт желі» телефонын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ Атбасар ауданы Ашыкөл кентінің тұғындарын өткізу, дәрі-дәрмектер мен азық-түлік өнімдерін жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Қостанай облысында ТЖК Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен Қарасу ауданы Жамбыл кентіндегі тасқын суларды сору жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдармен және жұмылдырылған ұйымдармен бірлесіп бір тәулік ішінде 22 430 текше метр су сорып алынды. Сондай-ақ, құтқарушылыр Қарасу ауылында кезекшілікті жүзеге асыруда.    Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері саяжай учаскелері ауданындағы көлемі 3400 текше метр жиналып қалған қар суын сорып алды. Жұмыстар аяқталды. Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен және Ұлттық ұланның № 52859 әскери бөлімімен бірлесіп 6 үйдің жертөлесінен көлемі 505 текше метр суды сорып алды. Солтүстік Қазақстан облысы құтқарушылары көмекке келген Республикалық жедел-құтқару жасағының (Алматы қ.), Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы (Астана қ.) құтқарушыларымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық ұланның №6657 әскери бөлімінің күштері мен құралдарымен бірлесіп халықты және үй жануарларын эвакуациялау, қорғау бөгендерін нығайту және көтеру, құм салынған қаптар төсеу, ТЖ аймақтарында патрульдеу және тәулік бойы кезекшілікте болу жұмыстарын жүргізді. Шығыс Қазақстан облысы құтқаушылары Бесқарай ауданы Бесқарай ауылынан су сору жұмыстарын жалғастыруда. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері қауіпті учаскелерде қосымша 40308 метр уақытша бөген тұрғызылды, инертті материалдармен 214299 дана құм салынған қап жиналып, төселді.

Серіктес жаңалықтары