Ақтөбеде Қазақстан драма театрларының ІІ республикалық фестивалі өтті

Ақтөбеде Қазақстан драма театрларының ІІ республикалық фестивалі өтті

Ақтөбеде Қазақстан драма театрларының ІІ республикалық фестивалі өтті
ашық дереккөзі
387
 «ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесі шеңберінде Ақтөбеде өткен Қазақстан драма театрларының ІІ республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалінен С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы үлкен олжамен оралды. Онда «Қасырет» психолологиялық драмасы сахналанды. Қойылымды қазылар алқасы жоғары бағалап, «Ең үздік режиссерлік шешім» аталымына лайық деп тапты.  Жас режиссер Фархад Молдағали белгілі жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» туындысының желісімен сахналаған спектакльдің негізгі идеясы – жастарды ғасырдың басты індетінен жирендіру, әр отбасыға әкелетін қасырет-қайғысын ұғындыру. Көрерменді ойландыратын қойылымда уақыт кеңістігі, кейіпкерлердің мінез ерекшелігі, шығармадағы мәтін мен сахнадағы іс-әрекет әдемі үйлесім тапқан. 17 жылдық тарихы бар жас театрдың тың жетістіктері бұған дейін халықаралық деңгейде де атап өтілген болатын.

Серіктес жаңалықтары