CPJ: Былтыр әлемде 259 журналист түрмеге қамалды

CPJ: Былтыр әлемде 259 журналист түрмеге қамалды

CPJ: Былтыр әлемде 259 журналист түрмеге қамалды
ашық дереккөзі
454
2016 жылы әлемде 259 журналист түрмеге қамалды деп мәлімдеді халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists CPJ) ұйымы "Баспасөзге шабуыл 2017" деп аталатын есебінде. Нью-Йоркте орналасқан ұйым бұл сан БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылды тіркеумен айналыса бастаған 1990 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш дейді. CPJ жаңа медиа технологиялар цензура орнатуды бұрынғыдан да қиындата түскенін, бірақ репрессивті мемлекеттер оларды жиі қолданады, себебі түрмеге қамалған және қаза тапқан жиурналистер саны артып келе жатқанын айтады. "Бұл, шын мәнінде, журналистер үшін бұрын-соңды болмаған ең қауіпті және ең қанқұйлы уақыт" деді ұйымның атқарушы директоры Джоэл Симон. Симон ұйымның 25 сәуірде жариялаған есебінде әлеуметтік медианың барлық жерде барына және смартфон камераларының жаппай пайдаланылатынына қарамастан, демократиялық емес үкіметтер БАҚ-ты және журналистерді басып-жаныштау әрекеттерін күшейткенін айтады. CPJ сонымен қатар соңғы бес жылда әлемде 332 журналист қаза тапқанын, мұның да мониторинг жүргізіле бастағаннан бергі бес жылдық кезеңдер ішіндегі ең көбі екенін айтады. Симон әлемде репрессивті мемлекеттер БАҚ-тың үнін өшіріп, өзіне бағындыру үшін уақыты мен қаржысын көптеп жұмсай бастады дейді. Ол сонымен қатар үкіметтер ақпараттың "қиратушы күшін" сезіне бастаған сайын әккі бола түсіп, "сөз бостандығына тіке шабуылдай бастағанын" айтады. Оның сөзінше, репрессивті үкіметтер ақпаратты басқаруға, бақылауға және онымен манипуляция жасауға мүмкіндік беретін күрделі стратегияларды жетілдіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары