Елбасы іссапармен Оңтүстік Қазақстанда

Елбасы іссапармен Оңтүстік Қазақстанда

Елбасы іссапармен Оңтүстік Қазақстанда
ашық дереккөзі
334
ҚР Президенті Шымкенттегі ҚХА үйіне барды Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының үйіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғимараты алдында бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін көрді. Монумент өңірдің 20 этномәдени бірлестігінің бастамасымен салынған, ол түрлі ұлттардың қазақ халқына деген алғысы мен адал ниетінің нышаны болып саналады. Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты мемлекетіміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің достығы тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы екенін атап өтті. Қазақстан Президенті «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі мен өңірдің этномәдени орталықтары орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратымен танысты. Мемлекет басшысының назарына этномәдени бірлестіктер өкілдерінің орындауындағы «Бірлігіміз жарасқан» деп аталатын музыкалық композиция ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары