Студенттер жазушымен кездесті

Студенттер жазушымен кездесті

Студенттер жазушымен кездесті
ашық дереккөзі
314
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде белгілі жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақышпен «Бүгінгі әдебиет және жастар» тақырыбында кездесу өтті. Оған оқытушылар, кітапханашылар, студенттер тағы басқа қонақтар қатысты. «Біздің бала кезімізде интернет, теледидар деген болған жоқ, сондықтан кітапты алаңсыз оқыдық, – деп әңгімесін бастады жазушы. – Ол кездегі кітаптардың қағаздары да басқаша еді, майлы қағаздар болатын. Иісі әлі күнге дейін мұрнымның ұшында тұр. Сондықтан әдебиетші болуға бала кезден құмарттым десем болады». Студенттерді жазушының жастық, махаббат жайлы шығармалары қызықтырды. Нұрдәулет Ақыш оларға жауап ретінде «Үндемейтін ұл», «Жатақхана қыздары» еңбектерінің тарихы туралы айтып берді. Кездесу барысында Нұрдәулет Бәбиханұлы бүгінгі әдебиеттің жай-күйіне тоқталып, шығармалардың сапасы төмендеп бара жатқанына қынжылыс білдірді. Дегенмен әдебиеттің болашағы жарқын екеніне сенетінін айтты. Модератор Бейбіт Нәлібаев мұндай кездесу өткізу көптен бері көкейінде жүргенін жеткізді. «Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бұрынғы түлегі мен бүгінгі түлектерін сұхбаттастыруды біраздан бері ойлап жүр едік. Бүгін сіздердің арқаларыңызда оны жүзеге асырдық», деп қорытындылады ол. Айта кетейік, кездесуді Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ел-Шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Серіктес жаңалықтары