Жас мамандарға сұраныс көп

Жас мамандарға сұраныс көп

Жас мамандарға сұраныс көп
ашық дереккөзі
249
Қазақстанда жас мамандарға деген сұраныс өсе бастады, бір жылда ірі және орта кәсіпорындардағы бос жұмыс орындар саны 1% артқан, деп хабарлайды finprom.kz.  2017 жылы ірі және орта кәсіпорындардағы бос жұмыс орындар саны 2016 жылмен салыстырғанда 22 мыңға артып, 1% өскен. Жас мамандарға сұраныстың өсуі жалданбалы еңбек нарығы көлемінің қысқаруымен байланысты. Еске сала кетсек, 2016 жылы ірі және орта кәсіпорындардағы қызметкерлердің тізім саны 2,4 миллион адамға дейін, бірден 19%-ға азайды. Ең көп сұраныс біліктілікті қажет етпейтін еңбекте - қызмет көрсету саласында, өнеркәсіптік нысандарда, құрылыс, көлік және байланыс саласында тіркелген. Бұл бағыттағы бос жұмыс орындар саны 2017 жылы 3,9 мың дананы құраған. Бұл 2016 жылғы сұраныс деңгейімен салыстырғанда, 1% көбірек. Біліктілігі жоғары деңгей мамандар арасында денсаулық сақтау саласындағы жұмысшыларға сұраныс жоғары болған. Биыл дәрігерлерге арналған бос жұмыс орындар саны 1,8 мың дананы көрсетті, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,5% көбірек. Мамандардың жетіспеушілігі денсаулық сақтау, өңдеу өнеркәсібі және ауруханалар ұйымы салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарда көрініс табуда. Жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі Астанада, Алматыда және Қарағанды облысында ашылып жатыр. Сондай-ақ, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарында бос жұмыс орындар саны едәуір көбейген.    

Серіктес жаңалықтары