«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Оңтүстік өңірде жүр

«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Оңтүстік өңірде жүр

«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Оңтүстік өңірде жүр
ашық дереккөзі
296
«Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев ОҚО-да болды ​Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапармен келді. Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен жергілікті бизнестегі күрделі мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылған іссапар аясында жұмысшы топ Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС-нде болды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. «Ордабасы құс» компаниясы – Еуразиялық экономикалық одақта орналасқан ең заманауи кешендердің бірі. Бұл Қазақстан мен орта Азия бойынша бірінші және әзірге жалғыз күркетауық өсіретін жоба болып табылады. Кешенде өндірілген өнімнің 40 % Еуроодақ елдеріне экспортталды.  Кәсіпорынның ендігі жоспары – қоспа жем шығарумен айналысатын шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар және құс етін қайта өңдейтін кооперативтер кіретін аймақтық кластер құру. Алдағы уақытта мұнда аумағы 50 га құрайтын күркетауық өсіретін 25 құс қора құрылмақ. «Ордабасы құс» күркетауық жемін өзі тасып, ветеринарлық қызметті де өзі көрсетпек. Құс кешені өсірілген күркетауықтарды сатып алады. Осылайша, өсірілген күркетауықтардан 10 мың тонна құс етін өндіру жоспарлануда. Кластер құру үшін тіпті жаңа ауыл құру ұсынылып отыр. Ондағы тұрғындар жоғары технологияға негізделген өндірісте жұмыс істейтін болады. Мұнан соң Тимур Құлыбаев ОҚО Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Серіктес жаңалықтары