Қырғызстанда президенттік сайлауды 15 қазанда өткізуді ұсынды

Қырғызстанда президенттік сайлауды 15 қазанда өткізуді ұсынды

Қырғызстанда президенттік сайлауды 15 қазанда өткізуді ұсынды
ашық дереккөзі
139
Қырғызстанда президенттік сайлауды 15 қазанда өткізу туралы ұсыныс жасалды. Қырғыз социал-демократиялық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Иса Омуркулов осындай ұсынысын Жогорку Кенеш комитетіне жолдады. Бұл мәліметті Жогорку Кенештің конституциялық заңнама жөніндегі комитет басшысы Әсел Кодуранова растады. Иса Омуркуловтың айтуынша, мемлекет басшысын сайлау 19 қарашада емес, 15 қазанда өтуі тиіс. Оның пікірінше, сайлауда екінші тур өткізу қажет болған жағдайда, ол Жаңа жыл мерекесіне тұспа-тұс келуі мүмкін. Еске салайық, бұған дейін оппозициялық "Ата Мекен" фракциясы президенттік сайлауды тамыз айында өткізу туралы бастама көтерген еді. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы, ел Конституциясына сілтеме жасап, сайлау 19 қарашада өтуі тиіс деп мәлімдеді. Жогорку Кенеш 2 мамырдағы парламенттің тыңдауларда "Сайлау туралы" заңға өзгертулерді талқылаған еді.

Серіктес жаңалықтары