334
Оңтүстік Қазақстан ЭКСПО көрмесіне 13 мың тонна өнім жеткізеді
Оңтүстік Қазақстан ЭКСПО көрмесіне 13 мың тонна өнім жеткізеді
Оңтүстік Қазақстан обысының 35 ірі кәсіпорны Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне 13 мың тоннаға жуық азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы БАҚ өкілдерін көрмеге тауар жіберетін біраз кәсіпорындармен таныстырды.
Қазығұрт ауданынына қарасты Қақпақ ауылындағы «Қарқын-2030» ЖШС-і 2009 жылы іске қосылған. Кәсіпорын шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. Зауытта «Нәрлен» сауда белгісімен таңбаланған шұжықтың 60-қа тарта түрі дайындалады. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 1,5 тоннаға дейін жетеді. Еліміз үшін маңызды шара кезінде көрме конақтарына аталған серіктестіктен 15 тонна шұжық өнімдері жөнелтілмек. Сайрам ауданында орналасқан «Манкент Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2016 жылы құрылған. Кооператив құрамына бүгінде 1200-ге жуық шаруа қожалығы енген. Серіктестік, негізінен көкөніс, жеміс-жидек пен дәнді дақылдар өсіреді. Коопертивтің жалпы жер көлемі 5489 гектар болса, оның ішінде суармалы жер 2100 гектарды құрайды. Сайрамдық шаруалар ЭКСПО көрмесіне 1690 тонна көкөніс өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Көпеевтің айтуынша, шаруаларға жеңілдік жасау мақсатында олардың жол және автокөлік шығындары демеушілер тарапынан ұйымдастырылуда. Баға тиімді болса, сайрамдық шаруалар ЭКСПО көрмесіне 4000 тоннаға дейін өнім апаруға ынталы.