213
Салмағы артық милиционерлер жұмыстан шығып жатыр
Салмағы артық милиционерлер жұмыстан шығып жатыр
Тәжікстан Ішкі істер министрлігі салмақ тастау туралы жарлықты орындамаған қызметкерлерін жұмыстан шығара бастады. 2016 жылдың аяғында министр Рамазон Рахимзода қарамағындағыларға спортпен шұғылданып, тез арада азу керектігін ескерткен еді.
"Жыл басынан бері оннан астам адам ғана салмақ тастай алмаған. Қалған қызметкерлер бес келіден 20 келіге дейін азған және спортпен шұғылданып жүр", - деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі.
Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умарджони Эмомалидің айтуынша, салмағы артық жүз шақты қызметкерге ескерту жасалған.
2016 жылдың желтоқсанында ІІМ қызметкерлеріне бой мен салмақ ара қатынасының нұсқаулығы таратылды. "Бойы 168-170 сантиметр болатын милиция қызметкерінің салмағы 75 келіден астауы тиіс" делінген бұл нұсқаулықта.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, тәжік жігіттерінің 31,2 пайызының, 20-дан асқан әйелдердің 30,5 пайызының артық салмағы бар.