Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев ажырасып кетті

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев ажырасып кетті

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев ажырасып кетті
ашық дереккөзі
492
Бала кезден прогерия (терінің ерте қартаюы) сырқатына шалдығып, «қария-бала» атанған Нұржан Өркешбаев жақында ажырасып кеткенін хабарлады. «Ассалаумағалейкум инстаграмдағы достарым! Бүгінгі ұлыстың досаралық күні құтты болсын. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Қазіргі жасым, 1 мамырда 26-ға толып жатырмын. Отбасылық жағдайымды сұрап жатқандар үшін айтарым. Отбасымда келіспеушіліктер болып, әйеліммен ажырасып кеттім. Көңілімізді түсірмейік. Қазақ елі аман, жұртымыз тыныш болып, қазақ елі мәңгілік жасасын!», – дейді ол өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасында. Естеріңізге сала кетейк, Нұржан Өркешбаев осыдан тура екі жыл бұрын, яғни 2015 жылдың жазында шаңырақ құрған болатын. Әлеуметтік желілерде Нұржан мен Әсемгүлдің тойға арнайы әзірленген шақыру қағаздары тарала бастаған сәттен-ақ бұқара халық өз қуаныштарын бөлісіп, жас жұбайларға тілектерін жаудырған еді. Сонымен қатар, 2011 жылы «Пусть говорят» бағдарламасының жүргізушісі Андрей Малахов Нұржанның өміріне арнап арнайы түсірілген хабар барысында оның үйлену тойына келемін деп уәде берген кезін де еске салғандар табылды. Алайда, бүгінде 26-шы көктемін қарсы алған Нұржанның жеке отбасылық өмірдегі қуанышы ұзаққа созылмағаны өкінішті. Нұржан Өркешбаевқа 2011 жылдың желтоқсанында «Ниссамед» емханасында 2 кезеңнен тұратын кешенді косметологиялық операция жасалған болатын. Осыдан кейін оның едәуір «жасарып» қалғаны туралы БАҚ жарыса жазған болатын. Ал, дәрігерлер сыртқы қартаюдан өзге Нұржанның ағзасында ешқандай қайтымсыз процесс жүріп жатпағандығына сендірген еді. Нұржан қазір Атырау облысы Қызылқоға ауданында өзі дүниеге келген Мұқыр ауылында тұрып жатыр. Музыкант болып жұмыс істеймін, топпен бірге өнер көрсетеді. reactor.kz  

Серіктес жаңалықтары