276
Эйфель мұнарасына Марин Ле Пенге қарсы баннер ілінді

Гринпис белсенділері Париждегі Эйфель мұнарасына Франция президенттігіне үміткер ультраоңшыл Марин Ле Пенге қарсы баннер іліп қойды. Онда «Азаттық, теңдік, бауырластық» деген француз республикалық ұраны мен «қарсылас» хештегі бар. Бұл жөнінде Reuters хабарлайды.
Акция 7 мамырда президент сайлауының екінші туры өтетін күннің алдында, жұма күні өтті.
Гринпис француз бөлімінің өкілі Жан-Франсуа Жюйяр "қозғалыс Францияда және өзге елдерде ұлтшылдық пен авторитаризмге қарсы екенін осылайша білдірді" деді журналистерге. Олар азаттық, теңбік және бауырмалдық құндылықтарын қорғаудың маңызды екенін бәрінің естеріне салуды жөн санапты.
Франциядағы президент сайлауының екінші турына «Алға!» қозғалысының лидері, центрист Эммануэль Макрон мен «Халық майданы» оңшыл радикалды партияның лидері Марин Ле Пен шықты.
Дауыс беру алдындағы соңғы дебатта халықтың 63 пайызы Макронды қолдаса, 34 пайызы Ле Пенді жақтаған.