Астанада алғашқы Геронтология орталығы ашылды

Астанада алғашқы Геронтология орталығы ашылды

Астанада алғашқы Геронтология орталығы ашылды
ашық дереккөзі
198
 Астана әкімдігінің қолдауымен №4 қалалық емхананың базасында Геронтология орталығының ашылу рәсімі өтті.  Қалалық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, орталықты құруда егде жастағы адамдар әлеуметтік дамудың оң факторы ретінде қарастырылатын әлемнің озық елдерінің тәжірибесі пайдаланылды. Қазақстанда 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, онда егде жастағы адамдарға қамқорлық жасау мен олардың қажеттіліктеріне айрықша көңіл бөлінген.  Орталықты құрудағы негізгі мақсаттардың бірі – ересек және егде жастағы адамдардың жай-күйін кешенді гериатриялық бағалау. Яғни, ересек және егде жастағы адамдарды көпөлшемді, көппрофильді диагностикалық бағалау. Кешенді гериатриялық бағалауға дәрігер-гериатр, кардиолог, невролог, психолог, әлеуметтік қызметкер, клиникалық фармаколог қатысады. Орталықта мамандар емделушінің физикалық және функционалдық жай-күйін, оның жадын, эмоциналдық жағдайын, дәрілік терапияның қауіпсіздігін бағалайды. Сонымен қатар, тамақтану мәселелері бойынша кеңес береді, емдік-физикалық жаттығулар, емдеу, күту мен сауықтырудың жеке жоспарын әзірлейді.  Геронтология орталығы сапалы диагностикалық шаралар өткізуге арналған заманауи медициналық құралдармен жабдықталған.

Серіктес жаңалықтары