500
Қоңқабаев та күміс жүлдегер
Қоңқабаев та күміс жүлдегер
Қамшыбек Қоңқабаев та күміс медальді қанағат тұтты. 91 килодан жоғары салмақта бақ сынаған Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбек боксшысы Баходир Джалолов арасындағы жекпе-жек бірден алма-кезек шабуылдармен басталды.
Қарсыласының бойшаңдығына қарамастан Қоңқабаевтың сол қолмен бағыттаған соққысы көздеген жеріне дөп тиіп жатты. Джалолов та қарап қалмады. Өз жанкүйерлері алдында ұятқа қалғысы келмесе керек, қолының ұзындығын пайдаланып, соққысын жасап үлгеріп жатты. Үш раунд бойы алма-кезек шабуылдармен өрбіген кездесуде төрешілердің шешімімен өзбек боксшысы жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді иемденіп, бейресми командалық есепте екінші орын алды. Ал 9 алтын медаль еншілеген өзбек боксшылары сөзсіз Азия құрлығы додасында көш бастады.