ҰОС ардагерлеріне 226 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді

ҰОС ардагерлеріне 226 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді

ҰОС ардагерлеріне 226 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді
ашық дереккөзі
444

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай соғысқа қатысушы майдангерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 226,9 мың теңге  біржолғы материалдық көмек берілді.

Ал, оларға теңестірілген және тыл ардагерлеріне 5 АЕК, яғни, 11345 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сонымен қоса 233 ҰОС ардагерінің үйіне арнайы құттықтап барып, 100 мың теңгенің көлемінде сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілуде.

Бүгінде от пен оқтың арасынан елге оралған майдангерлердің бүгінде 233 ҰОС ардагері, ал, 996-сы соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне  теңестірілгендер болса,  19 199-ы тылда еңбек еткендер.

Ұрпақтың бақытты болашағы мен бейбіт өмір сүруі үшін шайқасқан ҰОС ардагерлеріне жыл сайын әлеуметтік қолдаулар мен құрмт көрсетіліп келеді. Мәселен, оларға медициналық көмек республикалық әрі өңірлік деңгейде ақысыз көрсетіледі. Сонымен қатар жыл сайын аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында 7,8 мың жекелеген санаттағы азаматтарға облыстағы түрлі  сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі. 

Сондай-ақ, өңірде «Қамқорлық» акциясы шеңберінде демеушілер есебінен  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 8,4 млн. теңгеге демеушілер есебінен коммуналдық жеңілдіктерге көмек көрсетілді. 

Серіктес жаңалықтары