Үшкемпіровтің жүлдесіне «Айфон 6» телефондары тігілді

Үшкемпіровтің жүлдесіне «Айфон 6» телефондары тігілді

Үшкемпіровтің жүлдесіне «Айфон 6» телефондары тігілді
ашық дереккөзі
193
Алматыда «Халық Арена» мұз айдынында өткен Қазақ КСР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған грек-рим күресінен ашық халықаралық турнирде қазақ палуандары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды еншіледі, деп хабарлады қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар, сонымен қатар, Армения, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен 280-нен астам палуан қатысты. Олар (UWW) ережелеріне сәйкес күресті. Турнирдің бірінші күні палуандар - 50 кг, 60 кг, 74 кг және 96 кг салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтаса, ал екінші күні мына салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күресті: 55 кг, 66 кг, 84 кг, 120 кг. Жарыстың нәтижелері бойынша Қазақстан спортшылары 20 медальмен өзгелерден басым түсті. Жалпы, еліміздің палуандары 5 алтын, 6 күміс және 9 қоланы олжалады. - Осымен турнирге үшінші рет қатысып жатырмын. Мен екінші орынды иелендім, бірінші орынға кішкене ғана жетпей қалды. Қарсыласым мықты болды. Алайда, мен еңсемді түсірмей, көп жаттығып, келесі турнирде алтын медальді жеңетініме сенімдімін. Алдағы уақытта Әлем және Азия чемпионаты жоспарда бар. Жеңімпаз атанғым келеді, - деп атап өтті жарыстың күміс жүлдегері Антон Савенко. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бірінші орынға «Айфон 6», «Айфон 5» сияқты ұялы телефондарды, екінші, үшінші орныға «Самсунг гэлекси», сонымен қатар, дипломдар мен медальдермен марапатталды. Спорттық шара Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның күрес Федерациясының, «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар Дирекциясы» мемлекеттік қорының қолдауымен ұйымдарстырылды.        

Серіктес жаңалықтары