6 мың жауынгердің есімі жазылған ескерткіш тақта ашылды

6 мың жауынгердің есімі жазылған ескерткіш тақта ашылды

6 мың жауынгердің есімі жазылған ескерткіш тақта ашылды
ашық дереккөзі
473
Оңтүстік Қазақстан облысында 6 мың  жауынгердің есімі жазылған ескерткіш тақта ашылды. Мемориалды тақта басында соғыста қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алып, құран бағышталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Жеңістің 72 жылдығында созақтықтар аудан тарихын түгелдеп, атаусыз қалған аруақтар алдындағы борышын осылайша атқарды. Салтанатты шараға ҰОС ардагерлері мен тәжік-ауған соғысына қатысқан азаматтар да қатысты. Жиында аудан әкімі Мақсат Исаев кейінгі ұрпаққа жеңіс сыйлаған ақсақалдарға құрмет көрсетіп, сый-сыяпаттар табыс етті. «Қазіргі таңда жыл сайын қатары сиреп бара жатқан ҰОС ардагерлерінің 6-ауы ғана арамызда бар. Біз барлық ардагерлердің есімін жадымызда қалдыру үшін соғысқа қатысқан азаматтарды түгелдеп, мереке қарсаңында 6000 адамның аты жазылған мемориалды тақтаны ашып отырмыз. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын», - деді аудан әкімі. Айта кетейік, бұған дейін Созақ ауданындағы «Белгісіз сарбаз» мемориалды тақтасы 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығы қарсаңында ашылған болатын. Ол кезде мемориалды тақтада бар болғаны 168 азаматтың есімі жазылған еді. Өткен бір жыл бойы барлық ауыл әкімшіліктерінен соғысқа қатысқан, майданда хабар ошарсыз кеткен азаматтарды жергілікті әскери комиссариатпен бірлесе отырып түгенденді. Тыңғылықты жүргізілген зерттеу, зерделену жұмыстарының нәтижесінде аудан бойынша  6000  азамат соғыс даласына аттанып, отан алдындағы парызын атқарғаны анықталған болатын. Сөйтіп мемориалды тақта қайта жаңартылып, ұрыс даласына аттанған азаматтардың есімдері қайта жазылды.

Серіктес жаңалықтары