Forbes Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкерін жариялады

Forbes Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкерін жариялады

Forbes Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкерін жариялады
ашық дереккөзі
542
Биыл үш жылдық үзілістен кейін Владимир Ким Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің көшін бастады. Оның дәулеті 2016 жылдың сәуірінен бері 800 млн долларға өскен. Оның кәсібіне мыс бағасының өсуі оң ықпал еткен. Өсім көрсеткіші бойынша екінші орын Алиджан Ибрагимовтың еншісіне тиген. Оның дәулеті 200 млн долларға артыпты. Ал ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың әрқайсының байлығы 100 млн долларға өсіпті. Болат Өтемұратовтың капиталы өзгеріссіз. ТОП-50 тізіміне кірген кәсіпкерлердің дәулеті бас-аяғы 700 млн долларға өсіп, 22 млрд 355 млн долларға жеткен. Аталған 50 кәсіпкердің байлығы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 16% құрайды. Бұл  өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір жоғары. Қазіргі тізімге төрт адам жаңадан қосылған. Олар Еркин Татишев (№ 9), Қайрат Сатыбалды (№ 34), Талғат Ахметов (№ 35) пен Асхат Омаров (№ 50). 31 жастағы Талғат Ахметов бұрынғы премьер-министр Даниал Ахметовтің ұлы. Биыл рейтингтегі ең жас кәсіпкер болып отыр. Ең бақуатты кәсіпкердің қатарындағылар мыналар: 1. 56 жастағы Владимир Ким. Оның дәулеті – $2 500 000 000 (металл); 2.  59 жастағы Болат Өтемұратов. Оның дәулеті – $ 2 400 000 000 (қаржы, телеком, қонақ үй бизнесі); 3. 50 жастағы Тимур Құлыбаев. Оның дәулеті – $ 2 200 000 000 (әртараптандырылған бизнес); 4 . 49 жастағы Динара Құлыбаева. Оның дәулеті – $2 200 000 000 (әртараптандырылған бизнес); 5. 63 жастағы Алиджан Ибрагимов. Оның дәулеті – $ 2 000 000 000 (металл); 6. 68 жастағы Рашит Сарсенов. Оның дәулеті – $720 000 000 (мұнай трейдинг, металл өңдеу); 7. 37 жасар Кеңес Рақышевтың дәулеті – $705 000 000 (сақтандыру, қаржы); 8. 38 жасар Дәурен Жақсыбектің дәулеті – $498 000 000 (қаржы);    

Серіктес жаңалықтары