«Новопэк» компаниясы 300 адамды жұмыспен қамтиды

«Новопэк» компаниясы 300 адамды жұмыспен қамтиды

«Новопэк» компаниясы 300 адамды жұмыспен қамтиды
ашық дереккөзі
231
 Оңтүстіктікқазақстандық 300 азамат Ақмола облысында ірі кәсіпорындардың бірі «Новопэк» компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Мұндай келісімге облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен «Новопэк» ЖШС-нің басқарушы директоры Айдар Жақыповпен болған  екі жақты меморандум аясында қол жеткізілді. Еңбек күші айтарлықтай артық оңтүстіктен жұмыс қолының тапшылығы сезілетін Ақмола облысына тұрғындарды қоныстандыру мақсатында жасалған меморандум аясында зауыт басшысы Айдар Жақыпов облыстан баратын 300-ге жуық азаматты жұмыспен қамтып, баспана мәселесін шешуге көмектесетінін атап өтті. Естеріңізге салсақ, өткен аптада Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары аясында полиэтилен қаптарын шығаратын «Новопэк» зауыты мен басқа да өндірістік  кәсіпорындарда жұмыс күшінің тапшылығы байқалатынын атап өткен болатын. Осының негізінде Шымкент пен Көкшетау қаласы арасындағы байланысты  нығайту мақсатында бірқатар компаниялар мен оңтүстіктегі мемлекеттік мекемелер арасында екі жақты келісімдер жасалды. Мәселен,  «Шымкент» ӘКК ҰҚ мен «Есіл» ӘКК ҰҚ арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы және «ENKI»ЖШС мен ОҚО құрылыс басқармасы өзара меморандум түзді. Келісімдер екі облыс арасындағы қаржылық даму мен ынтымақтастық байланысты күшейтуге бағытталған. «Новопэк» компаниясының негізі 2003 жылы қаланған, полимерлік қаптама нарығында көпжылдық көшбасшы. Зауыт Австрия, Италия, Түркия және Тайвань елдерінің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аумағы 45 мың шаршы метрді құрайтын кешен 600 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар. Бүгінде өндіріс орны айына 8 млн дана өнім шығарады.  

Серіктес жаңалықтары