Бішкекте саяси тұтқындарды босатуды талап еткен митинг өтті

Бішкекте саяси тұтқындарды босатуды талап еткен митинг өтті

Бішкекте саяси тұтқындарды босатуды талап еткен митинг өтті
ашық дереккөзі
216
Бішкекте Германия елшілігі ғимараты жанында "Саяси тұтқындарды қорғау комитеті" қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен наразылық акциясы өтті. Бірлестіктің жетекшісі Сапар Арғымбаев комитет мүшелері неміс елшілігіне үндеу жариялағандарын айтты. Үндеу авторлары Еуроодаққа, оның ішінде Германияға билікке қаржылай және саяси қолдау көрсетуді доғаруды сұрайды. «Еуроодақ 25 саяси тұтқыны бар әрі олардың құқықтарын бұзып отырған саяси жүйені айыптау керек», – деп есептейді Арғымбаев. Бішкектегі Бірінші май соты 17 сәуірде «билікті күшпен тартып алмақ болды» деген айыппен Эрнест Карыбековті 20 жылға, Құбанычбек Қадыров пен Бектұр Асановты 12 жылға бас бостандықтарынан айырып, Дастан Сарығұловты 4 жыл шартты мерзімге соттады. Билік оларды елде төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Сотталушылар мен азаматтық белсенділер мұның саяси астары бар деп біледі. Олардың қорғаушылары сот шешіміне келіспей, қайта шағымданған.

Серіктес жаңалықтары