Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үлгі тұтарлық

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үлгі тұтарлық

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үлгі тұтарлық
ашық дереккөзі
236
Бүгін күннің екінші жартысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.   «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі Форумға қош келдіңіздер. Жібек жолы Экономикалық белдеуі бастамасы Қазақстанда ұсынылған. Өткен жылы Сіздер «Үлкен жиырмалық» көшбасшыларының саммитіне қатысу үшін Ханчжоу қаласына келдіңіздер. Онда біз бірқатар мәселелерде түсіністікке қол жеткізіп, өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша тереңнен пікір алмастық. Біздің уағдаластығымыз іске асырылып жатқанын қуана айтқым келеді», - деді Си Цзиньпин. Ол өндірістік қуат, сауда-саттық, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы екі елдің ынтымақтастығы жоспарлы дамып жатқанын атап өтті. Осы жылы біз Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде елдер арасында стратегиялық сипаттағы жан-жақты байланыстар нығайды, бұл бұдан да жоғары деңгейге жетеді деп үміттенемін, - деді кездесуде Си Цзиньпин. Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Форумға шақырғаны үшін алғыс білдірді. «Форумның ашылуында сөйлеген сөзіңіз өте мазмұнды, әсерлі, көптеген сұрақтардың жауабы десе болады. 2013 жылы Қазақстанда сіз антижаһандық өсім  аясында  әлемде  адамдар ынтымақтастықтың қалай дамитыны жайлы көптеп  сұрақ қоятынын алдын ала сезгендей, жаңа бастама жайлы ойыңызды білдірдіңіз.  «Бір белдеу, бір жол» бастамасы өңірлік және жаһандық дамудың жаңа парадигмасы, ынтымақтастықтың жаңа схемасына айналды», - деді Елбасы. Н. Назарбаеав Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын үлгі тұтарлық деп атады. «Басқа елдер бізден үйренуіне болады. Бүгін Жібек жолының экономикалық белдеуі жұмысын бастап та кетті, биыл елдер арасындағы тауар айналымының өсімі 30 пайызды құрады», - деп  атап өтті Президент.    

Серіктес жаңалықтары