210
Бейжіңдегі форумда 30-дан астам ел келісімге қол қояды
Бейжіңдегі форумда 30-дан астам ел келісімге қол қояды
«Бір белбеу, бір жол» стратегиясы аясындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі форум барысында Қытай 30-дан астам елмен іскерлік және сауда келісімдеріне қол қояды.
Бұл туралы шараның ашылуында сөйлеген сөзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. «Осы форум барысында Қытай 30-дан астам елдермен іскерлік және сауда қатынастары келісіміне қол қояды. Бірқатар елдермен еркін сауда туралы келісім бойынша консультацияға кіріседі», - деді ол. Еске салсақ, Форумға 29 мемлекет, 3 халықаралық ұйым (БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры) басшыларымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.