Жоғалған 13 жасар қыз табылды

Жоғалған 13 жасар қыз табылды

Жоғалған 13 жасар қыз табылды
ашық дереккөзі
207
Қарағандыда үш күн хабар-ошарсыз кеткен 13 жастағы мектеп оқушысы Диана Нұрманбаева үйіне оралды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Жаңалықтар сайтынан анасының  қызына деген шексіз махаббатын оқыған қыс үйіне өзі келген. «Табылғанына қатты қуаныштымын. Ештеңе сұрамадым, полицияға іздеу ісін тоқтатсын деп айтуға бара жатырмыз», - деді оның анасы Алтынай Нұрманбаева. Жоғалып кетер алдында анасы мен қызының арасында оның сабаққа кешіккеніне байланысты жағымсыз әңгіме болады. Ренжіп қалған мектеп оқушысы құрбысына кетіп қалып, үш тәулік бойы анасымен байланысқа шықпаған. Қазіргі уақытта 2 жасөспірімді іздеу жалғасуда. 15, 17 жастағы туыс апалы-сіңлілі  Елдана Исламшейх пен Ботакөз Қайырбаева 8 мамырда  қыдыруға шыққан. Содан Қарағандыда Сортировкада жоғалып кеткен. Олар жайында мәлімет білетін азаматтардан 102 нөміріне немесе таяу полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары