245
Францияда Фрагонардың жоғалған туындысы табылды
Францияда Фрагонардың жоғалған туындысы табылды
Францияның солтүстік-батысында Нормандиядағы қорғандардың бірінде XVIII ғасырдағы француз суретшісі Жан Оноре Фрагонардың екі туындысы табылды. Олардың құны 6 млн еуроға бағалануда.
«Көлеңкелер ойыны» және «Әткеншектегі ойын» туындылары 1786 жылдан бері жоғалған деп саналған. Оны аукцион ұйымдастырған француздық компанияның маманы тапты. Қорған иелері олардың үйінде ұлттық игілік ретінде саналатын шедеврлер жатқанына күмәндері болмаған, бірақ картина қашаннан бері оларда деген сұраққа жауап бере алмады. Жергілікті меценаттарда өнер туындыларын сатып алуға қаражат жинауға уақыт жеткілікті болу үшін картинаны Франциядан 30 ай ішінде сырт елге шығаруға тыйым салынды.