Еуровидение қатысушысы туды қорлағаны үшін қамалуы мүмкін

Еуровидение қатысушысы туды қорлағаны үшін қамалуы мүмкін

Еуровидение қатысушысы туды қорлағаны үшін қамалуы мүмкін
ашық дереккөзі
428
Исландиялық әнші Свала Бьйоргвинсдоуттирдің басы дауға қалды. Ол сайыстың ашылу салтанатында өз елінің туын шарға байлап, көкке ұшырған. Ол ғана емес, барлық қатысушылар осылай жасаған. Осы бейәдепсіздігі үшін енді айыппұл салынуы немесе абақтыға қамалуы мүмкін. Себебі Исландия заңы бойынша туға сурет салуға немесе жазу жазуға болмайды. Сондай-ақ Исландия туы тек ту көтергіш бағанмен ғана көтерілуі керек. Және шарға байланып ұшырылған ту бәрібір жерге құлайды. Ал жерге құлаған ту тез арада өртелуі тиіс. Әнші осы қатаң ережелерді бұзғаны үшін айыпталып отыр.  

Серіктес жаңалықтары