389
Өзбекстан мен Қытай 105 құжатқа қол қойды
Өзбекстан мен Қытай 105 құжатқа қол қойды
Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан"Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі Форумда Өзбекстан мен Қытай құны 22 млрд доллардан асатын 105 құжатқа қол қойды.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қытайға жасаған бірінші ресми сапары барысында екі мемлекет құны 22 млрд доллардан асатын 105 құжатқа қол қойды. Бұл туралы Өзбекстанның мемлекеттік инвестициялар комитетінің төрағасы Азим Ахмедхаджаев хабарлады, деп жазады uzdaily.uz.
Төрағаның айтуынша, екі мемлекет энергетика, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, химия, көлік инфрақұрылымы салалары бойынша серіктестік орнатты. Сонымен қатар Қытайдың іскерлік топтары Өзбекстанның сауда-экономикалық және инвестициялық дамуына қызығушылық танытты.