Атамбаев Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол жобасын талқылады

Атамбаев Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол жобасын талқылады

Атамбаев Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол жобасын талқылады
ашық дереккөзі
210
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бейжіңде Қытай-Қырғыстан-Өзбекстан темір жол құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселелелерін талқылады. Бұл туралы президенттің ақпараттық саясат бөлімі хабарлады. Мемлекет басшысы темір жол жобасы мәселелері туралы қытайлық жолдар мен көпірлер құрылысы жөніндегі мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Лу Шанмен әңгімелесті. Кездесуде Солтүстік - Оңтүстік жолының құрылыс мен Бішкек қаласы көшелерін жөндеу жобалары да сөз болды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Сауда және өнеркәсіп палатасының вице-президенті Ми Энъхуамен қырғыз президенті әлеуметтік саладағы жобалар мен туризмге инвестиция тарту жобаларын талқылады. Президенттің ақпараттық саясат бөлімінің жетекшісі Алмаз Үсеновтің хабарлауынша, Атамбаев Бейжіңде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Жүздесулер "Бір белдеу - бір жол" халықаралық әріптестік форумы аясында Бейжіңде өтіп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары