Халық банкі Казкоммен мәмілеге келуде сақтық танытпақ

Халық банкі Казкоммен мәмілеге келуде сақтық танытпақ

Халық банкі Казкоммен мәмілеге келуде сақтық танытпақ
ашық дереккөзі
349
«Халық банкі» АҚ «Казкоммерцбанк» АҚ-мен мәмілеге келе қоймады. «Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қаржылық ұйымдар арасындағы өзара келісім туралы айтып берді. «Қазіргі таңда келісім шарт жасалмай отыр. Мамырдың соңында мәміле аяқталар деп ойлап едік. Енді олай болмай, мерзім кейінге шегерілді. Қазір Казкомның жұмыс параметрлері тексеріліп жатыр. Сырттан аудитор, консультант шақырдық. Сондай-ақ, Ұлттық банктен кеңес алып жатырмыз», - деді Ү. Шаяхметова. Оның айтуынша, мәселе банктердің бірігуінде емес. Егер мәміле жүзеге асса Казком Халық банкінің еншілес банкіне айналады. «Қазір «Казком» қосымша акция шығарды. Мәміле жүзеге асқан жағдайда Халық банкі Казкомды капитализация барысында акциялары арқылы сатып алатын болды», - деді Ү.Шаяхметова. Басқарма төрайымының айтуынша, Халық банкі инвестиция салуға аса сақтықпен қарайды. «Қарапайым мысал «Halyk Group» компаниясының Әзербайжан банкінде облигациялары болды. 2014 жылы біз ол банктен барлық құнды қағаздарымызды шығарып алдық. Кейін ол банк халқаралық міндеттемелерін төлеуді доғарды. Активтерді орналастыруға келгенде де мұқиятпыз. 15 пайыздан артық алмаймыз. Әзербайжан банкінде 10-15 млн доллар болды. БЖЗҚ эмиссиясының 50 пайызын салғаны таңқалдырып отыр», - деді  ол.  

Серіктес жаңалықтары