2583
«Найзағай Маккуин» қазақ тілінде сөйлемек
«Найзағай Маккуин» қазақ тілінде сөйлемек
«AraiMediaGroup» студиясы «Disney» және «Pixar» өнімі жаңа анимациялық «Көліктер-3» мультфильмінің дубляж жұмыстары аяқталғанын, аударма жұмыстарына 100 адам қатысқанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Найзағай Маккуин» осымен екінші рет қазақ тілінде сөйлегелі отыр. Бұған дейін 2011 жылы «Көліктер-2» мультфильмі голливуд өнімдерінің ішінде алғаш болып дубляждалған болатын. Жобаны «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Marwin» компаниясы іске асырды. Нышанбек Жұбанаев осы жола да Найзағай Маккуиннің дауысын салса, ал оның досы Мэтрдың дауысын 2011 жылы осы образды сомдаған Азамат Қанапия нақышына келтірген. Мультфильм еліміздің барлық кинотеатрларында 15-ші маусымнан басталады.